Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жас кәсіпкерлер қатары арта түсті

Облыстық кәсіпкерлер палатасы өткен жылы жастарға тиімді «Жас кәсіпкер» жобасын жүзеге асырды. Жоба аясында 1100 азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқытты. Нәтижесі жаман емес, 578 жоба қаржыландырылған.
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы 9 млн теңгені құрайтын 3 жоба, Өңірлік инвестициялық орталығы "Қызылорда" ЖШС арқылы − 3,5 млн тенгені құрайтын 2 жоба және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант арқылы – 289,4 млн теңгені құрайтын 573 жоба қолдауға ие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: