Желтоқсанда Қызылордаға жаңа үлгідегі 90 автобус жеткізілмек
Жыл соңына дейін Қызылорда облысында бірнеше әлеуметтік нысан іске қосылады.
830 қызылордалық қоныс тойын тойламақ. Желтоқсан айында «СПМК-70», «Шұғыла» мөлтек аудандары мен М.Әуезов, Желтоқсан көшелеріндегі жаңадан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға беріледі. Қала тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізеді. «Степь» су тоғанының іске қосылуы облыс орталығының тұрғындарын жерасты суымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Мұнан басқа, Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылы 100 пайыз табиғи газға қосылады.
Естеріңізге сала кетейік, Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы келісім негізінде өткен жылы үлкен симыдылықтағы заманауи 30 автобус әкелінген болатын. Желтоқсан айында Қызылордаға осындай тағы 90 автобус жеткізіледі. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Қызылорда қаласында бокс орталығы ашылады.