Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛА БАСШЫЛЫҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЫЛУҒА ҚАРЫЗДЫ ТӨЛЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

 

Алдағы жылу беру маусымында қаламызда 16 көпқабатты тұрғын үйлер жылу қабылдай алмауы мүмкін. 
Аталған тұрғын үйлердің өжірелеріндегі инженерлік жүйелер тозығы жеткен жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл үйлердің коммуналдық қарыздарының өзі 64,1 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде үйдi күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарының (ПИК) қарызы - 34,1 млн. теңге, ауыз суға - 8,2 млн. теңге, жылуға - 19,8 млн. теңге, электр жарығына - 1,8 млн. теңге. 
Мәселені шешу мақсатында жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіруші қалалық штаб мүшелері тұрғындармен жиындар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізуде.
Дегенмен, әлі де болса тұрғындар тарапынан тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін жергілікті атқарушы органдар ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп береді деген оймен немқұрайлық танытуда. 
Ал, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35 бабының 
2 тармағына сәйкес, «үй-жайлардың (пәтерлердiң) иелерi ортақ мүлiк пен үйдi ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға мiндеттi, ортақ мүлiктiң және дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардың сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуына жауапты болады» делінген. 
Сонымен қатар, осы Заңның 50 бабының 1 тармағына сәйкес, «Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері ортақ мүлікті өздерінің үлестеріне тең мөлшерде күтіп-ұстау және пайдалану бойынша жалпы шығыстарға қатысуға міндетті. Тұрғын үйді (Тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар ай сайын жасалады» деп нақты айқындап көрсетілген. Осы заң талаптарына сәйкес жекеменшіктегі тұрғындар мүліктеріне жергілікті әкімдік жөндеу жұмыстарын жүргізіп беруге міндеттелмеген. 
Сондықтан, қазірден бастап тиісті жұмыстарды қолға алмасаңыздар жылуға қосыла алмауларыңыз мүмкін. Ескерулеріңізді сұраймыз.
Жалпы қала бойынша коммуналдық қарыздар: тұтынушылардың жылуға қарызы – 298,7 млн.теңге, (тұрғындар-244,4 млн. теңге, бюджеттік мекемелер- 0,3 млн. теңге, шаруашылық және шағын орта бизнес нысандары- 54,0 млн. теңге) ауыз суға – 84,2 млн. теңге (тұрғындар- 51,4 млн. теңге, бюджеттік мекемелер- 5,0 млн. теңге, шаруашылық және шағын орта бизнес нысандары-27,8 млн. теңге). 
Өз игілігімізге жұмсалатын қызмет ақысын уақытылы төлеу оның сапасын да арттыратынын естен шығармайық.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: