Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған жазасыз қалмады

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған жазасыз қалмадыҚазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтарындағы  №219 «Ойын бизнесі туралы» заңының талаптарын бұзатын азаматтар әлі де кездеседі.
Ондай азаматтар Қызылорда қаласында да бар. Солардың бірі «Электронды рулетка» ойын аппаратын орнатып, ойын бизнесі саласындағы ойын мекемесін заңсыз ашқан. Осылайша  қызметті ұйымдастырған. Биылғы жылдың 30 қыркүйек күні Қызылорда қаласында орналасқан сауда орны ғимаратының екінші қабатын сотталушы Б. жеке кәсіпкер Ж.-дан ауызша келісім арқылы жалға алған. Қызылорда қаласы № 2 сотының баспасөз қызметінің хабаралуынша, сотталушы Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 269-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 180 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланып, сотқа келу міндеттемесінен босатылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: