Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы ауыз су, кәріз су және жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Жалпы айтқанда, биылғы жылы Қызылорда қаласы бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыз су, кәріз су және жылу жүйелерін қайта жаңғырту мақсатындағы 21 жобаға 3 млрд. 794,5 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде, ауыз су құбырларын қайта жаңғырту бойынша - 8 жоба, кәріз су жүйесі - 5 жоба, жылу жүйелерінен - 8 жоба бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.