Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада карантин талаптарын бұзған 10 жеке тұлғаға айыппұл салынды

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен карантин талаптарын бұзған 10 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.  Үш жағдай - үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыруға қатысты, 7 жағдай санитарлық-гигиеналық талаптарды орындамауға қатысты орын алды.
Бұл заңбұзушылықтар Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес құрылған мобильдік топтардың рейдтері кезінде анықталған.
Қатаң шектелген шаралар мен карантин талаптарына қарамастан той жасаған Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарының тұрғындарына және қорғаныш құралдарын кимей халыққа қызмет көрсеткен қоғамдық тамақтану мен дүкен қызметкерлеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 425-бабы, яғни халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылу бабы бойынша 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: