Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БОЛЫП ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БОЛЫП ӨТТІЖаңақорған аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау залында аудан әкімі, партия филиалының төрағасы Р.Рүстемов аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. 
Қабылдау барысында жиі көтерілген мәселердің бірі-мамандық бойынша жұмысқа орналасу және тұрғын үй кезегі мәселесі. Қабылдауға соңғы болып кірген кент тұрғыны "Санатория" мөлтек ауданынан шағын футбол алаңқайын салуға ықпал етуін сұрайды. Өйткені, 2000-ға жуық тұрғыны бар қоныстың басым бөлігін құрайтындықтан олардың бос уақытын тиімді өткізу бәрінен маңызды екенін тілге тиек етті.Түйіндей келе, аудан әкімі екі саағатта онға жуық жеке тұлғаны қабылдады. Тұрғындардың талап-тілегіне байланысты аудан әкімі сала басшылары мен "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаевқа көтерілген мәселені бақылауға алып, оң шешімін табуға жұмыс жасауды тапсырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: