Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 700 пресс шөп өртеніп кетті

Жаңақорған ауданында 700 пресс шөп өртеніп кетті.


Оқиға Жаңақорған ауданы Қыркеңсе ауылында 7 қарашада сағат 22.00 шамасында болды. Аудандық №14 өрт сөндіру бөліміне ауылда мал қора жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түскен.
«Өрт сөндірушілер көршілес екі үйдің мал қорасы жалынға оранғанын анықтады. Мал қоралардың төбесі қамыс пен ағаштан жабылып, қабырғасы кесектен қаланған. Өрттен бір үйдің 400, екіншісінің 300 пресс жоңышқа аралас сабаны жанып кетті. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс жүргізуде. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: