Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда биыл  221 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Өңірде жыл басынан бері  жол қозғалысы ережелерін бұзудың  64 797 дерегі тіркеліп, тиісті шаралар қолданылды. Оның ішінде, 174-і қарсы бағытқа шығу,  946-ы автокөлікті мас күйінде және 5 441-і автокөлікті құжатсыз басқару. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы  Шамшидин Амитов мәлімдеді. 
« Автокөлікті мас күйде басқарған 946 жүргізуші ұсталып, оның 413-і әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ,  жыл басынан  221 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның  18-і мас жүргізушінің  кінәсінен болып, нәтижесінде 7 адам қайтыс болды, 23 адам жарақат алды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттардың  алдын алу мақсатында  жүйелі түрде  профилактикалық  шаралар жүргізілуде»,-деді Шамшидин Егенбердіұлы. 
Сондай-ақ,  үстіміздегі жылдың  5-8 тамыз аралығында облыста  «Мотоцикл» шарасы  өткізілді. Нәтижесінде  224 әкімшілік  құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде  мас күйде мотоцикл басқарудың  6 дерегі  тіркеліп,  51 мотоцикл  айып тұрағына қойылды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: