Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қаңғыбас иттер мен мысықтардың көзі жойылды

Былтыр адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті және паразитарлық аурулардан қорғау мақсатында  24 171 бас қаңғыбас ит пен мысық ауланып жойылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дәрмағамбетов хабарлады.
-«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» 2021 жылғы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңына қол қойылды. Яғни, «қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою» деген сөздер «жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды» ұйымдастыру сөздерімен ауыстырылды. Осы ретте ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министірлігімен бірге «жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру» үлгілік қағидалары әзірленуде. Қазіргі таңда жануарларды аулау жұмыстары заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылуда, - деді Әнуарбек Дәрмағамбетов.
Аталған қағида аясында жергілікті өкілдік органның шешімі мен Қызылорда облысының елді-мекендерінде жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары бекітілетін болады. 
-Былтыр адам денесіне жарақат салған 284 ит пен 52 мысық бақылауға алынды. Дегенмен, олардан алынған сынақ құтыру ауруына байланысты оң нәтиже көрсетілмеді. Ал 10 мың 452 ит пен 500 мысық ауланып жойылды. Алдағы уақытта жануарларды залалсыздандыру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілетін болады, - деді Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясының директоры Нұрлан Төлегенов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: