Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ақжарма ауылдық округіне әкім тағайындалды

Шаһар басшысы Асылбек Шаменов Ақжарма ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындарға округ әкімін таныстырды.
Естеріңізге сала кетсек, 18 желтоқсан күні Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауы өткен болатын. Сайлауға өзін-өзі ұсынған үш кандидат қатысты. Округ бойынша 1301 сайлаушының 1172 өз таңдауын жасады. Сайлау қорытындысы бойынша Саттар Әбдіреев 948 (82,87 пайыз) дауыс жинады.
Саттар Бейбітұлы 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді. Әр жылдары түрлі салаларда басқарушылық қызметтерді атқарды. 2022 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін «Байқоңыр» ӘКК жетекші менеджері болып жұмыс істеді.
Жиында қалалық сайлау комиссиясынның төрағасы Әбдіқадыр Нәлқожаұлы жаңадан сайланған әкімге куәлік табыстады. Шаһар басшысы  Асылбек Өмірбекұлы округ әкімі Саттар Бейбітұлына елді мекенде кәсіпкерлікті дамыту, салық базасын ұлғайту, газдандыру жобасына және амбулатория құрылысына қажетті құжаттарды рәсімдеу, жайылымдық жерлерді дайындау, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту бойынша кешенді шараларды әзірлеп, оны жүзеге асыруды тапсырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: