Көрнекі ақпараттарда тіл туралы заңнама талаптары түсіндірілді
Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен арнайы топ өкілдері 2021 жылғы 20 тамызда Қызылорда қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабының талаптарын сақтау қажеттігін түсіндірді.
Бизнес субъектілеріне көрнекі ақпаратты заңнамаға сәйкес ресімдеу бойынша таратпа материалдар берілді.
Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.