«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ
Бүгін 4 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қызылорда қаласына келді.
Республикалық акцияның мақсаты – тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді халықпен бөлісу, шалғайдағы ағайынның рухын көтеріп, қазақстандықтарды мазалаған мәселелерге ортақтасу, түрлі бағыттар бойынша құқықтық кеңестер беру болып табылады.
ҚР мәдениет және спорт, ғылым және білім, әділет, ұлттық экономика, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ақпарат және коммуникация, ауыл шаруашылығы, ішкі істер министрліктерінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері және ҚХА «Қоғамдық келісім» РММ, «Атамекен» ҰКП, ҚР Кәсіподақ федерациясы жастар Кеңесінің сарапшылары, барлығы 270 салалар қызметкерлері, медициналық, әлеуметтік, құқықтық қызмет көрсету, сондай-ақ кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар бойынша халықпен кездесіп, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып, консультациялық кеңестер беруде.
Әділет министрлігінің өкілдерін құраған бір топ Қызылорда облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында және облыстық «Нұр Отан» филиалында болып 57 азаматтарға түрлі тақырыпта заң кеңестерін берді.
Жалпы, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының тұрақтау кестесіндегі 35 елді-мекен ішінде Қызылорда қаласы жиырма сегізінші бекет болып есептеледі.
Еске сала кетейік, 1 қарашада Астана қаласынан бастау алған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 43 күн ішінде еліміздің барлық аймағының 35 елді-мекенінде болып, өз жұмысын 14 желтоқсан күні Алматы қаласында аяқтайды.