"Бәрі өзіне байланысты": Жұлдыз Өмірғали Айдарқұловты сынға алды
Отандық танымал әнші Жұлдыз Өмірғали өзімен "Кешью" тобында өнер көрсеткен құрбысы Ақбота Сейітмағамбеттің ажырасуына қатысты пікір білдірді. Шоу-бизнес жұлдызы бұл күрделі мәселеде Дәурен Айдарқұловқа деген ойы қандай екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдыз Өмірғали соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан Дәурен мен Ақботаның мәселесіне қатысты өз ойын ортаға салды. Ол жұлдызды жұптың ажырасып кеткені көңіліне қаяу түсіргенін мойындады.
Айқын Төлепбергеннің жары "Paparazzi" бағдарламасында отбасылық достары жайлы жан сырын ақтарып, оларға қатысты өз пікірін айтты. Әнші ару құрбысының бұрынғы жолдасын аздап сынға алып, оған жақсы әке болудың жолдарын келтірді.
Жұлдыз Өмірғалидің сөзінше, Айдарқұловқа екі отбасымен де жақсы қарым-қатынас қалыптастыру үшін барынша тырысу керек. Ол мұның бәрі тек бір өзіне байланысты екенін алға тартты.
"Бәрі Дәуренге байланысты. Ол кісі жақсы әкем боламын десе, ол екі жақтағы да балаларымен жақсы қарым-қатынаста қалуға тырысу керек. Бұрынғы әйелдерімен де жақсы достық арақатынас құрса, балаларының да әкесіне қарай ойы өзгермейді деген ойдамын. Отбасының бұзылғаны өте өкінішті" , - деді Жұлдыз Өмірғали.
Желі қолданушылары Жұлдыз Өмірғалидің айтқан сөздерін бірден қызу талқыға салып, оған қатысты өз пікірлерін жаудырды. Бірі оның айтқанын толығымен қолдап жатса, енді бірі керісінше оның өзін сынап тастаған.
Айта кетейік, бүгінде Ақбота Сейітмағамбеттің жеке өмірінде айтарлықтай өзгерістер орын алса керек. Өнер иесі күніге жаңа гүл шоғымен түскен фотоларын жариялауда.