Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ТҮНГІ ҚАЛАДА» 161 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

«ТҮНГІ ҚАЛАДА» 161 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ2016 жылдың қаңтар айының 9-нан 10-на қараған түні қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау, криминогендік ахуалды сауықтыру, қоғамдық тыныштықты және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мүлдем түзбеушілік қағидаты бойынша құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен «Түнгі қала» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. 
Іс-шара барысында барлығы 161 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 
Атап айтқанда, мүлдем түзбеушілік қағидаты бойынша барлығы 72 құқық бұзушылық тіркелсе, оның ішінде, белгіленбеген орындарда сауда жасау дерегі бойынша – 4 (204-бабы), алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу дерегі бойынша – 24 (440-бабы),  тыныштықты бұзу дерегі бойынша – 16 (437-бабы), қоғамдық орында темекі шегу дерегі бойынша – 7 (441-бабы), кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүру дерегі бойынша – 15 (442-бабы, 2-тармағы), ұсақ бұзақылық дерегі бойынша – 8 (434- бабы), абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі бойынша – 8 (505-бабы) құқық бұзушылықтар анықталды. 
Жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың 89 дерегі  анықталды. Оның ішінде, көлік құралын құжатсыз басқарудың – 16 (612-бабы) дерегі, көлік құралының терезелерін қараңғылатудың – 3 (590-бабы, 5-тармағы), қауіпсіздік белдігін тақпай басқарудың –16 (593-бабы, 1-тармағы), маневр жасау қағидаларын бұзудың – 5 (595-бабы, 1-тармағы), белгіленген жүру жылдамдығын шектен тыс асырудың – 1 (592-бабы, 1-тармағы), көлік құралын ішімдік ішіп басқарудың – 1 (608-бабы) дерегі тіркелді.  
Іс-шара барысында  айып алаңына барлығы 30 автокөлік жеткізілді, оның ішінде құжатсыз басқарғаны үшін – 19, мемлекеттік белгісі жоқ көлікті  басқарғаны үшін – 1, көлік құралын ішімдік ішіп басқарғаны үшін – 1, жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін – 2, сот қаулысымен – 7 автокөлік қойылды.  
Аталған іс-шара алдағы уақытта әр аптаның сенбі күні өткізілетін болады.
 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: