Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Әскери қызметкер орнын тастап кеткен

Әскери қызметкер орнын тастап кеткенҚұқық бұзушы А.Д. өзінің ҚР ҰҚҚ ШҚ 2019 әскери бөлімінің әскери қызметкері болып табылады. Дегенмен, әскери қызметкер бірқатар заң бұзушылық әрекетке жол берген.
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінің хабаралуынша, демалыстан соң қызмет орнына келу керектігін біле тұра, бейбіт уақытта тиісті тәртіппен берілген демалыстан екі тәуліктен асатын, он тәуліктен аспайтын, яғни 16.04.2015 жылдың 08:00 уақыттан бастап, 24.04.2015 жылдың 03:00 уақытқа дейін, 9 тәулікті құрайтын мерзімге әскери қызмет орнын өз бетімен тастап кетіп, ҚР ӘҚБтК-нің 652 бабының 3 бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.
Құқық бұзушының кінәсі өз мойындауымен қатар, 27.04.2015 жылғы хаттамасымен, куәлердің түсініктерімен және істегі  емхананың  берген анықтамаларымен, өзге де құжаттармен толық дәлелденіп бекітіледі
Құқық бұзушы А.Д-ның әрекеті Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 652 бабының 3 бөлігімен дұрыс дәрежеленген, себебі бейбіт уақытта, әскерге шақыру немесе келісім шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші жасаған, ұзақтығы екі тәуліктен асатын, бірақ он тәуліктен аспайтын уақытқа бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету кезінде, демалыстан қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеген.
Құқық бұзушы А.Д. ҚР ӘҚБтК-ның 652 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 25 /жиырма бес/ айлық есептік көрсеткіш көлемінде 49 550 теңге  көлемінде  айыппұл  салынған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: