Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда жаңа балабақша ашылды

Аралда жаңа балабақша ашылдыАрал ауданына іс-сапар барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Балапан» бағдарламасы аясында салынған «Нұр-Ай» жеке балабақшасында болды. 
Балабақша 125 балаға арналған, 5 топтан тұрады. Әр топта ойын, жатын, киім шешетін, тамақ дайындау бөлемелері және әжетхана бар. Ең бастысы балабақшада оқыту 3 тілде жүргізіледі. Бұған қоса ойын алаңдары да талаптарға сай орналастырылған. Әр топта теледидар орнатылған және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ойын алаңдарында шөптекті көгал төселген. 
Осылайша балабақша жайымен танысқан аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы: 
– Бала елдің ертеңі. Бұндай балабақшалардың елімізде көптеп ашылуы жаһандануға деген қадамның бастауы», – деп жоғары бағасын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: