Қордайдағы қақтығыс: 3 адам сотталып, 7 адам қамауға алынды
Ақпан айында Жамбыл облысының Қордай ауданында болған жағдай бойынша жүргізіліп жатқан тергеу амалдарының бүгін алдын ала қорытындысы жарияланды, деп мәлім етті 24.kz.
Тұрмыстық қақтығыстың жаппай бүлікке ұласуына жол берген 3 адам 18 наурызда кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сол жағдайды пайдаланып, әлеуметтік желі арқылы жағымсыз хабарлама жіберген және ұлтаралық алауыздық насихаттаған 25 адам бүгін арнайы операция кезінде қолға түсті. Оның жетеуі бұрын сотталған. Еске сала кеткен жөн, 5 ақпанда басталған қайғылы жағдай салдарынан 11 адам қаза болды. 192 адам зардап шекті. 103 үй мен 67 автокөлік зақымданды. 63 үй мен 55 көлік отқа оранды.