Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕГІЛЕРДІҢ САНЫ 17 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕГІЛЕРДІҢ САНЫ 17 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫӨткен жылы облыста 460 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық. Мемлекет қаржысы есебінен салынған тұрғын үй көлемі 3,5 есеге, ал Қызылорда қаласындағы тұрғын үй құрылысы – 8 есеге өсті, пәтерге кезекке тұрғандар саны 17%-ға азайды. 2015 жылы облыста жалпы саны 4 мың 227 пәтер салынды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында есеп беру жиынында айтты.

Жалпы, Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы тек мемлекет қаражаты есебінен 138,8 мың шаршы метр тұрғын үй, атап айтсақ 1740 пәтерлі 42 үй пайдалануға берілді. Оған қоса, түрлі қаржы көздерінен зәулім үйлер тұрғызылса, жалпы аумағы 357 мың шаршы метр 2345 жеке тұрғын үй салынды. 

- Соңғы үш жылда Қызылорда облысында 8901 пәтер салынып, тапсырылды. Бұл – жылдар бойы жеке баспана күткен, асыл армандарына жетіп, қоныс тойын тойлаған отбасының саны. Біз осы қарқынды биыл да сақтап қалу үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы», «Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» және «Тұрғын Үй Құрылысы Жинақ Банкімен» қоян-қолтық жұмыс істейміз. Бұйыртса, биыл да былтырғыдан кем емес көлемде құрылыс жүреді, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы» арқылы «СПМК-70» мөлтек ауданында 270 пәтерлік 5 тұрғын үйдің, «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қорының бағдарламасы шеңберінде Шүкіров көшесінде 210 пәтерлік 6 тұрғын үй және Қызылорда қаласы Титов кентінде жас отбасыларға 180 пәтерлік 3 тұрғын үй құрылысы басталды. Осы 14 үйдің құрылысы биыл аяқталады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: