Қызылордада полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған үш азамат ұсталды
Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған үш азамат ұсталды.
Бұл бағытта жедел іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде полиция және прокуратура қызметкерлері үш тұрғынды ұстады.
«Аталған азаматтар 5 қаңтар күні адамдар тобымен Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратына атыс қаруын қолданып, қарулы шабуыл жасаған. Олар қамаққа алындып, қару тәркіленді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.