Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫҚазалы ауданы әкімінің өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға іріктеу жүргізетін конкурстық комиссияның хаттамасының шешімі негізінде Бөріқұлақов Талайлы Әмитжанұлы арнайы тексерудің оң нәтижесін алғанға дейін Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы болып қабылданды.
Т.Бөріқұлақов 1955 жылы 2 қазанда Қазалы ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы ауылшаруашылық инстутын экономист – бухгалтер мамандығы бойынша бітірген. 
Еңбек жолын 1973 жылы Қазалы ауданы «Өркендеу» совхозында бригада есепшісінен бастаған. 1978-1986 жылдары «Жаңақұрлыс» совхозында бас экономист, Майдакөл, «КПСС XXII съезі» совхоздарында бас бухгалтер, 1986-1988 жылдары комсомол комитетінің хатшысы, 1988-1991 жылдар Бөзкөл совхозында партия комитетінің хатшысы, 1991-1992 жылдары аудандық қаржы бөлімінің бас экономисті, 1992-1997 жылдары мемлекеттік қаржы бақылау комитетінің аудандық бөлімшесінің бастығы, 1997-2007 жылдары Қазалы ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
2007 жылдан Қазалы аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келді. Аудандық мәслихаттың IV және V шақырылым депутаты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: