Өткен жылы ауа райының күрт суытуына байланысты Сырдария өзенінде сең жүруі салдарынан Арал ауданы Қызылжар елді мекені тұсындағы қалқымалы көпір орнынан жылжып кетті.
Соның салдарынан жол қатынасында біршама қиындықтар орын алған болатын. Осыған орай, бүгінгі таңда жергілікті атқарушы орган мен Қызылжар, Аманөткел және Қосжар елді мекені тұрғындарының бірлескен жұмыстары нәтижесінде қалқымалы көпір қайта орнына келтірілді.