Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АТА-АНАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ


Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты «Сыр самалы» балабақшасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан бастау алатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Болашақ» ересектер тобының педагог – тәрбиешілері Ә.Тобалық пен М.Қазиеваның ұйымдастыруымен ата – аналар арасында «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» атты байқау өтті.
Байқаудың мақсаты- балаларға ата – бабамыздың ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Жанұя арасындағы байланыс, әкенің ұлға, шешенің қызға тәрбиесінің ықпалын айтып, балаларды бірін – бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа әдептілікке тәрбиелеу. Байқауға арнайы әділ қазылар алқасы бекітіліп, қатысушылар 6 кезең бойынша бақ сынасты. Әр кезең бойынша отбасылар өз өнерлерін, білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар «Кім жылдам» ойыны ойналып, топ бүлдіршіндері «Күз» әнін орындады. Барлық отбасылар арнайы Дипломмен марапатталып, «Өнегелі отбасы» номинациясымен Сүлейменовтер отбасы, «Мерейлі отбасы» номинациясымен Әділбековтер отбасы, «Өнерлі отбасы» номинациясымен Жарылқасын отбасы марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: