ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Облыс әкімінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы өкімімен Ержанов Жақсылық Фазылбекұлы Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Жақсылық Фазылбекұлы 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін - заңгер, 2010 жылы Қазақ-Қытай институтын - қаржыгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінің Қызылорда филиалында оқытушы ретінде бастаған. 2011-2015 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы, Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округінің әкімі лауазымдарында қызмет атқарған. 2015 жылдың мамыр айынан Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.