Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРМАҚШЫДА РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

 

Қармақшы ауданында рәміздер күні аталып өтті.
 Мерекеге аудан әкімі, мемлекеттік қызметкерлер, және аудан тұрғындары қатысты. Алдымен мерекелік алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, Мемлекеттік Гимні шырқалды. Аудан әкімі С.Мақашов қармақшылықтарды айтулы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ, Мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін арттыруға, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған жұмыстардың ешқашан құны төмендемеуі қажеттігін баса айтты. 
Шарада сондай-ақ салтанатты түрде мемлекеттік қызметке алғаш түскен мемлекеттік қызметшілердің ант беру рәсімі өткізіліп, 25 жас қолдарына еліміздің туын көтеріп, ауданның басты көшелерімен жүріп өтті. Мерекелік шара соңы өнерпаздардың патриоттық концертіне ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: