Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жас кәсіпкердің наубайханасы

Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентінде кәсіпкерлік көңіл бөлген азаматтар қатары артқан. Солардың бірі – 24 жастағы Жұлдызай Бақтыбаева.
Бүгінде ол ашқан наубайхана тұрғындарға үздіксіз қызмет көрсетуде. Жастайынан кәсіп ашуды армандаған жанның ісі берекелі. Талапты жас еңбек етіп, нәпақа табуға бел буады. Кәсіпкерлік – оның бойына анасынан дарыған қасиет болса керек. Дәл осы кәсіппен бірнеше жыл айналысқан отбасы Қызылордаға көшеді. Бірақ бала күнінен маңдай термен нәпақа табуды қызына үйретіп, осы кәсіпті қолға алуға мұрындық болған оның анасы.
Уақыт өте Жұлдызай туған жеріне келіп, «Бизнес Бастау» бағдарламасы арқылы 500 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант жеңімпазы атанады. Діттеген мақсатының бір бөлігі орындалған жас кәсіпкер бизнесін одан әрі дөңгелетуге білек-сыбана кіріскен.
Наубайханада бөлке нан, тәтті тоқаш, балды, бисквитті торт пен нан өнімдерінің түр-түрі пісіріледі. 3 адамды жұмыспен қамтуда. Мұндағы қызметке тұрғындар дән риза. Нан өнімдері жақын маңдағы балабақшаға да жеткізіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: