Ауылдық жердің несие рәсімдеуге қойылатын мүлікті бағалау есебі төмен бағалануына байланысты «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның кәсіпкерге үлкен мүмкіндік көрсетіп отырғаны барлықтарына мәлім деп ойлаймыз.
Сол мүмкіндікті тиімді пайдаланған, Қызылорда облысы,Тереңөзек елді мекенінің тұрғыны Алтынбай Айымбетов - жеке кәсіпкер, өз ісіне тиянақты. Кәсіпкер мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мүмкіндікті пайдаланыды. Оған байланысты талаптарды орындады.
Ол мал бағудың жайын жақсы меңгергендіктен жылқы малын сатып алуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» Қызылорда филиалы арқылы несие рәсімдеп, 4 млн теңге көлемінде несие алған болатын. Несиеге 12 бас жылқы сатып алды.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығымен айналысамын дейтіндерге 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де бар.