Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Құс шаруашылығын дамыта түсті


Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінде құс шаруашылығын дамыту да ерекше қолға алынған. Қазіргі таңда округ тұрғындары тауық жұмыртқасын жергілікті өндірушілерден сатып алады. Алдағы уақытта бұл табиғи өнімге сұраныс артады деп күтілуде.
Жастардың кәсібін ашып, ісін дөңгелетуге мемлекеттен берілген үлкен мүмкіндікті естіген Ғалия Жолдыбай үйінде босқа қарап жатқысы келмеді. Оның бастамасына үйдегі ата-енесі мен отағасы қолдау көрсеткен. Осылайша, жас кәсіпкер «Бастау-бизнес» жобасы арқылы арнайы оқып, қайтарымсыз берілетін 505 мың теңге несиені жеңіп алды. Өзінің алғашқы кәсібін тауық асыраудан бастауды жөн көрген. Себебі, ауылдық округ тұрғындарын жергілікті өніммен қамтамасыз еткенді тәуір көрген. Өйткені, мұндай өнімге қашанда сұраныс жоғары болатыны анық.
Біз Ғалияның үйіне барғанда әдеттегідей тауықтарына жем шашып жүр екен.
– Бүгінде 100 шақты тауықты асырап, күн сайын жұмыртқасын алып отырмын. Қазіргі уақытта қыс мезгілі болғандықтан оларға ерекше күтім қажет. Мысалы, тауықтарға ветеринарлық дәріханалардан дәрумен әкеліп береміз. Өйткені кез келген тіршілік иесі ерекше күтімді қажет етеді. Бұл тұрғыда маған отағасым көмектеседі, – дейді ол.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: