Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жасөспірімдер суициді алаңдатады

Жасөспірімдер суициді алаңдатадыСоңғы жылдары қоғамға айықпас дерт болып жабысқан ғылыми атауы «суицид» деп аталатын адамның өзін-өзіне қол жұмсауы бүгінгі күннің өзекті жан ауыртар мәселесіне айналып отыр.
2013 жылы облыс аумағында 18 жасөспірім суицидке барса, 2014 жылы қайғылы деректің 6-ы тіркелді, өзіне қол жұмсамақ болған 2013 жылы 13, 2014 жылы 19 дерек тіркелген.
Бұл тақырып Қызылорда облыстық прокуратурасында облыс прокурорының орынбасары Р.Ж.Райхановтың төрағалығымен өткен "Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық жағдайы, оның ішінде құқықтық профилактикасы, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың және суицидалды мінез-құлықты болдырмау шаралары” тақырыбындағы ведомствоаралық мәжілісте талқыланды.
Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау себептерін зерделеумен мұндай әрекетке баруға бірінші кезектерде тұрмыс жағдайының төмендігі, балаға тиісті көңілдің бөлінбеуі, балалардың өтпелі кезеңдегі психикалық күйзелістердің әсері, мектеп қабырғасында балалармен психологиялық жұмыстың тиісті деңгейде жүргізілмеуі себепші болуда деуге негіздер бар.
Сол сияқты, ата-ана тарапынан тиісті тәрбиелік жұмыстардың болмауы, ата-аналар мен ұстаздар арасындағы байланыстың жеткіліксіздігі де әсер етуі мүмкін.
Мысалы, жасөспірім Ш.-ның Астана қаласындағы көпсалалы техникалық-колледжінде оқып, жазғы демалысқа үйіне оралған кезде анасын құшақтап сүйгендігін бірақ анасы баласына көңіл бөлмей назарын немересіне аударған, яғни анасы тарапынан бұл дерекке көңіл бөлінбеген.
Сондай-ақ, бала ата-аналарымен араздықтан немесе олардың тарапынан түсінушіліктің болмауынан, жауапсыз махаббаттан, ересектермен қолданылуы мүмкін жазадан қорқудан, яғни жазадан қашудан өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін.
Қызметтері жекелеген әрекетсіздікпен сипатталатын білім беру мекемелері әлде де мектептің проблемаларын жасыруға тырысып келеді.
Осы ретте, кейбір білім беру мекемелері басшыларының дауларды құқық қорғау органдарының қатысуынсыз шешіп, орын алған қылмыстарды жасыруды қалаулары балалардың тиісті құқықтық көмексіз, өз проблемаларымен бірге бір қалуларына әкеп соғады. Демек, өздерін ренжіткендердің жазасыз қалатындығы және тығырықтан шығу жолының жоқтығы туралы ойлар саналарында күшейе түседі.
Оқушылардың психикалық және әлеуметтік аман-саулығын сақтау жөнінде қызмет атқару, әр түрлі психологиялық көмек көрсету, психологиялық диагностика жасау Білім және ғылым Министрінің бұйрығына сәйкес мектеп психологтарына жүктелген. Өз деңгейінде арнайы дайындықтан өтпеу және қажетті біліктіліктің болмауынан, мектеп психологтары жасөспірімдермен атқарған жұмыстарының нәтижелерін талдау барысында басты назар мінез-құлықтың тек сыртқы көріністеріне аударылады, ал баланың күйзелісті күйі мен кейбір психологиялық проблемаларына жеткілікті көңіл бөлінбейді.
Осыған байланысты, кәмелетке толмағандар арасында суицидалдық көңіл-күйдің алдын алу жөніндегі атқарылып отырған шаралар тиімсіз болып,  қажетті нәтижелерге қол жеткізбей отыр.

 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: