Карантин режимі кезінде талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топ жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда.
Жұмыс барысында қала орталығында және шет аймақта орналасқан бір қатар кәсіпкерлік нысандар араланып, санитарлық талаптары қадағаланды. Жұмыс барысында топ мүшелерімен қала орталығында орналасқан "Селена Стар",
" Эсперанза", "Бар-он","Дубай", "Восток" мейрамханаларында карантин талаптары сақталмағаны анықталып, мейрамханалардың әкімшілігіне тиісті анықтама толтырылды. Сонымен қатар мобильді топ мүшелері "Venom" компьютерлік клубымен "Loto" букмеккерлік орталықтың жұмыс жасап тұрғаны анықтады. Компьютерлік клубтың және букмекерлік орталықтың әкімшісіне арнайы анықтама толтырылып, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау баскармасына жолдады.