Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорғанды газдандыру жұмыстары жалғасуда

Жаңақорғанды газдандыру жұмыстары жалғасудаБүгінгі таңда Жаңақорған кентінде «Автоматтандырылған газ тарату стансасы» (АГТС) құрылысының ішкі жер қазуымен сыртқы қоршау жұмыстары аяқталып, іргетастары толығымен құйылған. 
Сонымен қатар «Шымкент- Бейнеу» магистральді газ құбырына қосу аралығы жобадағы салынатын 1,08 шақырымның 220 метрі салынып, қалған 860 метрдің құбырлары жалғанып жатыр. Бұл құбырлар сынақтан өткізілгеннен кейін салуға рұқсат беріледі. 
Барлығы бүгінгі күнге дейін 117,500 шақырым қазу жұмыстары жүргізіліп, құбырлар салынуда. Құрылыс жұмысына 120 жұмысшы жұмылдырылса, оның 114- жұмысшысы жергілікті жер тұрғындары. 
Айта кетейік, қазірге дейін үйге газ тарту жұмыстарына кент тұрғындарынан 249 өтініш қабылданған. Оның ішінде 100 үйдің жобасы жасалынып отыр. 
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: