Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АТАУЛЫ КҮНДЕ 124 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

АТАУЛЫ КҮНДЕ 124 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

 

Қызылордада ҚР Конституциясы күні қарсаңында Ел тәуелсіздігі 25 жылдығы аясында Сұлтан Бейбарыс көшесінде жаңа көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді. 
Салтанатты жиынға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысып, баспаналы болған тұрғындардың қуаныштарымен бөлісті.
- Елбасы, Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықты, соның ішінде көмекке мұқтаж азаматтарды қолдау жөнінде әрқашан айтып келеді. Көрсетілетін қолдаулардың бастысы баспанамен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар аймағымызда сәтті жүзеге асып, бүгінде Алаштың анасы атанған қасиетті мекен қарқынды құрылыс аймағына айналды. Аймақта әлеуметтік нысандардан бөлек, тұрғын үйлердің де көптеп салынып жатқандығын ешкім жасырмайды. Облыста былтырдың өзінде құрылыс көлемі 3,5 есеге өссе, оның ішінде Қызылорда қаласында аталған көрсеткіш 8 есеге артты,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
Соңғы 3 жылда Қызылорда қаласы бойынша жалпы ауданы 265 мың шаршы метрді құрайтын, 3,5 мың пәтерлік 82 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілді. Биылдың өзінде 80 көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы жүргізіліп, үш жылда Қызылордада жаңадан 11 шағын аудан бой көтерді. 
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бағдарламасы бойынша дәл осы күні 100 пәтерден тұратын 2 үй тапсырылса, алдағы желтоқсанда «Арай-3» ықшам ауданында тағы 200 пәтерлік 6 үйді пайдалануға берілетін болады. Жалпы алғанда, осы жылдың қорытындысы бойынша облыста «Өз үйім» бағдарламасы аясында 20 мың шаршы метрден астам баспана тапсырылады. Бұл пайдалануға беріліп отырған тұрғын үйлер елімізде мемлекет тарапынан тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға жасалып жатқан қолдаудың нақты көрінісі. 
Сондай-ақ қалада Тасбөгет кентіндегі Амангелді көшесінде жаңадан 24 пәтерлік қызметтік үй пайдалануға берілді. Онда мемлекеттік қызметкер, құқық қорғау саласы, ел намысын қорғаған спортшылар мен медицина саласы қызметкерлері тұратын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: