Қызылордада аудандық ауруханалар салу мәселесі толығымен шешілген
Қызылорда өңірінде аудандық аурухана салу мәселесі толық шешімін тапты. Биыл өңірдегі екі ауданда дәрігерлік амбулатория салынады. Яғни жаңадан салынатын дәрігерлік амбулатория Жаңақорған ауданындағы Жаңарық, Жалағаш ауданындағы Таң ауылында құрылысы іске асады.
Медицинадағы негізгі мәселелерді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халыққа есебінде баяндады. Облыста медициналық нысандарды жөндеу жұмыстары да қарқын алған. Алдағы 3 жылда алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін 62 нысанды жаңартылады.
Гүлшара Әбдіқалықова ковидпен күресте өңірдің дайындығы жоғары екенін атады. Екі айға жететін дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қоры қалыптастырылып, оған жергілікті бюджеттен 488 млн. теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ, 3200 төсек-орын мен 3500 медицина қызметкерінен тұратын кадрлық резерв жасақталды.
Айту керек, өңірде осы жылы заманауи үлгідегі 200 орындық модульді жұқпалы аурухана пайдаланылуға беріледі.