Әлеуметтік желілерді пайдалану әңгіме өзегіне айналды
Жалағаш ауданының оқушылар үйінде аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен семинар-кеңес болып өтті.
Жиында ауылдық округ әкімдері, мектептерден тәрбие ісі жөнінідегі тәлімгерлер келіп қатысты. Семинарға Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Қасымов Серік Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздердің қолданылуына тоқталса, Әлеуметтік желілерді пайдалану мен қауіпсіздігіне тренер, блогер Серіков Жасұлан тоқталып өтті. Семинар соңы сұрақ-жауапқа ұласты.