Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады

«Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, 12-13 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде -1-3 градус үсік күтіледі. 
12 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. 12 қыркүйекте таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. 
12 қыркүйекте түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде -1-3 градус үсік сақталады. Найзағай ойнап, шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күшейеді. 
12 қыркүйекте Жамбыл облысында тауда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші – 15-20 м/с.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: