Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада мұғалімдер жалақысын көбейтуге 83,7 млрд теңге бөлінді

Бөлінген қаржының 16,7 млрд. теңгесі мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне, 63,9 млрд. теңгесі орта білім беру ұйымдарына, 3,1 млрд. теңгесі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына бағытталып отыр.


2020 және 2023 жылдарды салыстыратын болсақ, педагогтердің еңбекақысын көтеруге және оларға үстемақы төлеуге республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 4 есеге өскен.
💬 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға көтеріліп келеді. 2021-2023 жылдардың қаңтарында олардың жалақысы да тағы 25%-ға өсті. Сәйкесінше, жылдан жылға білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, яғни тәрбиешілердің, мектептер мен колледждер педагогтерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының еңбекақысын арттыруға бөлінетін қаражат көлемі ұлғайып келеді. Сондай-ақ олар біліктілік санаты (лауазымдық жалақының 30%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерін), магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде оқытқаны, дәптер тексергені, сынып жетекшілігі мен тәлімгерлік қызметі үшін қосымша ақы алады», - деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ернат Алпысбаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: