Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!


Қазіргі таңда, "Қызылорда тазалығы" ЖШС көпқабатты тұрғын үйлердің маңында орналасқан қоқыс жәшіктерін тазарту кезінде кедергі тудырмас үшін, ол орындарға көліктерін қоймауды сұрап арнайы ескерту тақтайшаларын орнатқан болатын.
Алайда, кейбір тұрғындардың аула тазалығына салғырт қарауынан, тазалық мекемесінің қызметкерлері мен көліктеріне қоқыс жәшіктерін тазалау жұмыстарын жүргізуіне кедергі тудыруда.
Құрметті тұрғындар!
Қаламыздың тазалығы үшін тынымсыз қызмет жасап жүрген "Қызылорда тазалығы" ЖШС-ның қызметкерлеріне және өз ауламыз бен көршілерімізге құрмет көрсетіп, қоқыс жәшіктерінің алдына көліктеріңізді қоймауларыңызды сұраймыз!
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: