Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"СЕРПІН" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

"СЕРПІН" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІАрал ауданынан 2014-2015 оқу жылында мектеп бітірген түлектердің 135-і «Серпін - 2050» бағдарламасы арқылы ЖОО білім грантын иемденген болатын.
Олардың басым көпшілігі Шығыс Қазақстан облыс мен Батыс Қазақстан облыстарына аталған бағдарлама арқылы оқуға түскен еді. «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті және Өскемен Политехникалық колледжінде оқып жатқан аралдық студенттермен «Жастар ресурстық орталығы» КММ  Арал аудандық бөлімінің басшысы Әлібек Ізбасаров кездесіп бүгінгі жай-күйімен танысып қайтты.
«Сапалы білімді санасына сіңіріп, білікті маман болуды көздеген аралдық жастар өздері оқитын оқу орынының мақтанышы екендігінің куәсі болдым. Болашақ ел тұтқасын ұстар жастар оқуларын тәмәмдап, диплом алған соң туған жерге келіп қызмет жасамақ ниетте. Аралдық жастар әрқашанда биік мақсаттарды көзейді және сол мақсатқа жету жолына бар күш – жігерлерін арнайды» - деп Әлібек Ізбасаров кездесуден алған әсерімен бөлісті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: