Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Денсаулығы көтермесе де мүгедек жан ана атанды

Денсаулығы көтермесе де мүгедек жан ана атандыЖаңақорғанда тұратын отызында отау тіккен бала жастан екінші топ мүгедектері – Алтынбек Кенжебекұлы мен Әлия Базарбекқызының шаңырағында сәби дүниеге келді. Тағдыр тауқыметін арқалай жүрсе де олар өзгелермен терезесі тең дәрежеде өмір сүруді мақсұт тұтып, жыл басында шаңырақ көтерді. 
Олардың қуаныштарымен бөлісуге арнайы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында сала басшылары жиылып бауы берік болсын десті. Билік партиясының аудандық филиалының бірінші орынбасары М.Балқожаев, аудан әкімінің орынбасары Б.Айтбембет, бөлім басшысы Ә.Төлегеновтер дүние есігін ашқан нәрестеге ақжарма лебіздерін білдіріп, мүмкіндігі шектеулі жандар қашанда мемлекет назарында екендігін тілге тиек етті. 
Мекеме директоры М.Шоманов «Ақшарқат» есімді сәбиді дүниеге келген анасына нәрестеге арналған монеж, басқа да жылы көрпелерін табыстап азаматтық танытты. Аудандық Әділет басқармасының бас маманы О.Өскенбаева жас жұбайларға салтанатты түрде «Туу туралы куәлік» табыстады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: