Облыста шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Өңірде кәсіпкерлердің саны 5,6 пайызға, өндірілген өнім көлемі 11,7 пайызға артқан.
Қызылорда облысы кәсіпкерлік саласы бойынша алғашқы үштікте. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бекішов мәлімдеді.
-Шағын және орта бизнес саласын дамыту бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде, өңірде бизнестің экономикадағы үлесі артып келеді. Жалпы шағын және орта бизнестің өңірлік өнімдегі үлесі 15 пайызды, ал орта бизнестің үлесі 3,1 пайызды құрады. Сондай-ақ, биыл мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 592 жобаға өтеусіз гранттар берілді, - деді Талғат Болатбекұлы.