Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Эстафета кітап-күнделігі табысталды

Республика аймақтары біріне-бірі аманат етіп келе жатқан экспедиция эстафетасы 26 қыркүйек күні Арал қаласында Ақтөбе облысы делегациясынан Сыр өңіріне тапсырылды.
 

Эстафета кітап-күнделігі табысталды

 

Бұл күні Арал қаласында ақ сауытты Айдарбек батырға ұрпақтары ескерткіш белгі қойып, оның есімін ұлықтау шаралары өткізілді. Осы шара барысында «Ұлы Дала елі» экспедициясының Ақтөбе облысы делегациясының жетекшісі, Қазақстан халқы Ақтөбе облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Ж.Нұршин Сыр елінің экспедициясының жетекшісі, Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Л.Төрешоваға эстафета кітап-күнделігін табыстады. Кітап-күнделік енді Сырдың беделді, танымал азаматтарының қолымен толықтырылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: