Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАР АЙТАРЛЫҚТАЙ АЗАЙҒАН

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАР АЙТАРЛЫҚТАЙ АЗАЙҒАН

 

Ағымдағы жылдың 10 айында Қызылорда облысында тіркелген алаяқтық қылмыстары өткен жылмен салыстырғанда 37,9 пайызға азайған. 
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған қылмыстың 64,4 пайызы немесе 479 ашылып, қылмыскерлерге қатысты тиісті шаралар қолданылған. 
Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде құқық қорғау органдары мен қаржы институттары басшылары қатысумен өткен баспасөз-конференциясында баяндады.
«Бүгінгі күні алаяқтық қылмыстар бойынша қарызға ақша алып қайтармағандар – 34, несиеге алуға көмектесемін дегендер – 127, кезексіз жер алып беремін дегендер – 131, кезектен тыс үй алуға көмектесемін дегендер – 124, интернет желісі немесе ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есеп-шотына ақша салдырғандар саны – 71-ді құрап отыр. Бұл қылмыстардың орын алуына жәбірленушілердің әлеуметтік жағдайларын түзеп беруге, жұмысқа орналасу, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, жеңілдетілген пайызбен несие алып беру, кезектен тыс жер, пәтер алу жұмыстарына көмектесуге уәде еткен азаматтардың сөзіне алданып, оңай жолмен өз жұмыстарын бітіруге талпынулары себеп болып отыр» - деді облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Ғани Тұрсекеев.
Сонымен қатар, «Халық банк» АҚ – Қызылорда филиалының директоры Бауыржан Рахымжанов банк клиенттеріне логин, пароль және басқа да құпия сәйкестендіру мен дербес деректері сұралатын күдікті электрондық хаттамаларды алған жағдайда, тіркелген файлдарды ашпауға және сілтеме арқылы өтпеуге кеңес берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: