Райкүл Байназарова үкіметтік емес ұйымдармен және кәсіподақтармен байланыс жөніндегі облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Райкүл Мансурқызы 1957 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтын - математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша және Алматы заң академиясын - заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы Қызылорда педагогикалық институтының Студенттер кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде бастаған. 1983-1987 жылдары Ағарту, жоғарғы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің хатшысы қызметін атқарған. 1987 жылдан осы кезге дейін Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің төрағасы, ал 2012 жылдан Облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы қызметін қоса атқаруда.