Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда әуежайында жолаушылар қауіпсіздігі қадағаланады

Қызылорда әуежайында жолаушылар қауіпсіздігі қадағаланадыБүгінде көлік инфрақұрылымы нысандары террорлық әрекеттердің бірден-бір көзіне айналып отырғаны жасырын емес. Сондықтан Қызылорда әуежайында жолаушылардың қауіпсіздігі қырағы қадағалануда. Осы ретте БАҚ өкілдеріне авиациялық қауіпсіздігі қызметінің басшысы Дәулетбек Әділбекұлы әуежайда қауіптің алдын алатын шаралар туралы баяндап берді.
– Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдар бағдарламасына сәйкес, атаулы мейрамдарда қауіпсіздікті күшейтуге тура келеді. Соған байланысты жолаушыларға алып жүруге тыйым салынған заттар бойынша көптеген шектеулер қойылады. Мысалы, бір жолаушыға 100 миллиграммнан артық сұйықтық алып жүруіне рұқсат етілмейді. Атыс құралдарын, үшкір және өткір заттарды, жеңіл тұтанатын заттарды, химиялық және улы заттарды алып жүруге болмайды. Сосын өздері танымайтын бөгде адамдардың заттарын ұшақпен алып кетуге болмайтынын жолаушыларға ескертіп жатырмыз. Құдайға шүкір, Қызылорда облысы, оның әуежайы қауіп-қатерден ада, тыныш. Соған қарамастан, қауіпсіздік шаралары бірінші орынға қойылады. Әуежай қауіпсіздік мәселесінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарын да басшылыққа алады. Соған сәйкес, әуежайдың алдына ел метр алшақтықта көлік тұрақтауға тыйым салынады. Тек жолаушыларды мінгізіп-түсіріп кетуге ғана рұқсат етіледі, – дейді Дәулетбек Әділбекұлы.
2013 жылы әуежайға заманауи рентген-телевизия қондырғылары алынған. Онымен жолаушылардың жүгін және қол жүгі тексеріледі. Қауіпті зат табылған жағдайда әуежай қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, тиісті құзырлы органдарға хабарлайды. 
Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының көлік туралы” заңына сәйкес, қауіп төндіретін шаманың немесе белгілі бір қауіптің шамасы хабарлағанда тексеруден өткізу жағдайлары жүргізіліп, жолаушылар мен келушілердің, сондай-ақ, олардың жүктерін іріктеп тексеру жүргізіледі. Жолаушылар мен келушілерді іріктеп тексеруден өткізу-тексеру пункті қызметкерінің жоғары немесе қиын қауіпті жағдайға күмәнданған кезінде де жүргізіледі. Жоғары немесе қиын қаупі бар жағдайдан хабарлаған кезде транспорт инфрақұрылымы нысанындағы жолаушылар мен келушілер тексеруден өткізуге жатады. 
– Белгілі бір жолаушыларға әуежай қызметкерлері күмәнданса, тексеруіне болады. Мұндай тексеру бұрын жолаушылардың он пайызына жүргізілсе, бүгінде отыз пайызға арттырып отырмыз, – дейді халықаралық әуежайдың авиациалық қауіпсіздік қызметінің басшысы.
Дәлірек айтсақ, жолаушыны немесе келушіні жеке тексергенде оған көлік инфрақұрылымы нысанына алып кіруге болмайтын заттарды, металдан жасалған бұйымдарды көрсетуді сұрайды. Жолаушының не келушінің аяқ киімін, сыртқы киімін, бас киімін, белбеуін басқа да заттарын, қолмен не арнайы прибор көмегімен тексеруге алады. Бұл құжаттарда көлік инфрақұрылымы нысанына келген жолаушылар  мен келушілерге де, сондай-ақ тексерушілерге де арналған басқа да талаптар бар. Азаматтар мұндай жаңа тәртіпке түсіністікпен қарағаны жөн, өйткені нысандағы бұл қосымша талаптар бірінші кезекте лаңкестік әрекеттерден қорғауға, нысанның қауіпсіздік деңгейін көтеруге, жолаушылар мен келушілердің өмірі мен денсаулығы сақтауға бағытталған. 




Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: