Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиелі жыл соңына дейін газдандырылады

Қазіргі кезде облыстың барлық ауданында газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты Шиелі кентінде көшелердің қос қапталы қатар қазылып, арнайы құбырлар көмілу үстінде. 
Осыған орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында арнайы мамандардың қатысуымен жиын болып өтті. "ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ орталық аппараты "Сервистік жобалар” департаментінің директоры Бердібек Рахимов газдың экологиялық таза отын көзі болып отырғанын  айтып, газ  халықтың әл-ауқаты артып, жағдайы жақсаратынын жеткізді. Қазақстанды газдандыру жүйесі маңызды инфраструктуралық құрылым  болып  табылады.  Еліміз бойынша облыстар ішінде барлық аймағына толық газдандыру жұмыстары қола алынған Қызылорда болып табылады. Жоба бойынша Шиелі кентін газдандыру жұмыстары осы жылдың аяғына дейін бітеді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: