Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен кәмелетке толмаған сотталушы А.Бекмағанбетұлына қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабаралуынша, сотталушы А.Бекмағамбетұлы түнгі клубка шығып, жолда кетіп бара жатқан жәбірленуші С.Қазанқаповты байқап, оның артынан барып, аяғынан шалу арқылы жерге құлатып, қалтасынан ұялы телефонын алып, қылмыс орнынан қашып кеткен.
Басты сот талқылауында кәмелетке толмаған сотталушы кінәсін ішінара мойындады.
Сот сотталушы А.Бекмағамбетұлын ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танып, ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігінің және 83- бабының 3-бөлігінің негізінде оған қарсы қозғалған қылмыстық істі өндірістен қысқартып, қылмыстық жауаптылықтан босатты. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ (Сотталушылардың аты-жөндері өзгертілген.).