Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Құрметті қызылордалықтар және қала қонақтары!

Сіздерді Сыр елінің бас шаһары – Қызылорда қаласының туған күніне арналған Гала-концертке шақырамыз! 

9 қазан күні сағат 18:00-де Сол жағалаудағы «Қайсар-Арена» стадионында өтетін керемет кеште елімізге белгілі эстрада жұлдыздары Қазыбек Құрайыш, Alem, «КешYOU» тобы, Балжан Бидаш және Сыр таланттары, әнші-композиторлар Индира Елубаева мен Үкітай Ерниязов өнер көрсетеді.
Кеш тізгінін ұстайтын танымал теле-жүргізушілер - Ғалымжан Кеңшілік пен Мереке Жалғасова!
Керемет әндер, жанды музыка, жарқын шоу, мерекелік көңіл-күймен қаламыздың мерейлі мерекесін бірге қарсы алайық!
Көңілді кештен қалыс қалмаңыздар!



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [✔] *: