ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА ЗОР МҮМКІНДІК БАР
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев VIII «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумының пленарлық отырысында мәлімдеді.
-Қызылорда облысы «ЭСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсенді қатысуда. «Байқоңыр» кешені көрменің туристік нысандар тізіміне енген. Мүмкіндікті пайдалана отырып, барлығыңызды халықаралық шара кезінде Сыр еліне саяхаттауға шақырамын.
Жалпы Қызылорда облысында туризмді дамытуға мол мүмкіндік бар. Көлік-логистикалық инфрақұрылым дамыған. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 812 шақырымы облыс аумағы арқылы өтеді. Теміржол желісі, мұнай және газ құбырлары тартылған. Облыстағы үш әуежай – оның екеуі Байқоңыр қаласында (Крайний және Юбилейный), біреуі Қызылорда қаласында (Қорқыт ата) кез-келген көлемдегі ұшақ түрін қабылдай алады,-деді Қ.Көшербаев.