Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Білім платформасын үздік қолданған қызылордалық үш ұстаз марапатталды

Қашықтан оқыту кезінде онлайн білім беру платформаларын ерекше қолданған ұстаздар арасындағы конкурс нәтижесінде Сыр елінің 3 педагогы жеңімпаз атанды. 
Назарбаев зияткерлік мектебі мен "Білім ленд" компаниясы ұйымдастырған байқауда "онлайн мектеп" платформасын тиімді пайдаланып, ерекше белсенділік танытқан ұстаздар марапат төрінен көрінді.
Жүлделі І орынды Қызылорда қаласындағы №5 мектеп-лицей мұғалімі Роза Алексеевна иеленсе, ІІ орын Қызылорда қаласындағы №198 мектептің бастауыш сынып пәні мұғалімі Татьяна Иннокентьевнаға бұйырды. Ал, Арал ауданы, №13 мектептің мұғалімі Эльмира Альмаханова үздік үштіктің қатарынан көрінді.
Жеңімпаздарды облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова арнайы қабылдап, ұстаздардың еңбегін айрықша атап өтті.
- Шын мәнінде қашықтан оқыту басталған сәттен бері Сіздер қажырлы, табанды еңбек еттіңіздер. Қашықтан оқыту кезінде әрбір баланың білімді уақытылы игеруі үшін тер төктіңіздер. Сіздердің әріптестеріңіз телевизиялық сабақтар түсіруге де атсалысты. Платформалар жұмысты жақсы үйлестіре білдіңіздер. Бүгін міне, білім беруде цифрлық мүмкіндіктерді терең меңгеріп, платформалармен кешенді түрде жұмыс істей білгендеріңіздің арқасында құрметке ие болып отырсыздар,-деді Ақзира Қасымова.
Платформалармен белсенді жұмыс жүргізіп, кері байланыс тетіктерін ерекше меңгерген педагогтар "Білім ленд" компаниясының арнайы статуэткасына ие болса, І орын жеңімпазына bilim book кешені табыс етілді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: