Желіде бір адам мандариннің ішінде дәрінің қалай пайда болатынын көрсетті
Қарағаш ауылының тұрғыны мандариндерді тазалап отырып, оның ішінен таблеткалар тауып алған. Бір ер адам мандариннің ішіне дәріне қалай тығатынын көрсетіп, видео түсірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Қарағаш ауылының тұрғыны мандариндерді тазалап отырып, оның ішінен таблеткалар тауып алған. Сандуғаш Окасова алмұрт пен алманы да тазалағанда осындай масқара жайтқа тап болған. Кейін бұл жемістердің жергілікті дүкеннен сатып алынғаны, сөреге олар, болжам бойынша, Көкшетаудан жеткізілгені белгілі болды.
Жемістен алынған тоғыз дана таблетканы әйел мамандарға табыстаған. Ол оны жеміс ішінен тауып алғанының дәлелі ретінде смартфонына түсірілген видеоны ұсынған. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама нәтижелері бір ай ішінде жарияланады.
Дегенмен тағы бір видеоның авторы желіде мандариннің ішінде дәрінің қалай пайда болатынын көрсетіп, өз болжамын жариялады. Ол дәрінің жеміс ішінде тек түсірілім алдында пайда болған деп санайды, әйтпесе, оның пайымынеша, ұзақ уақыт ішінде таблетка еріп кетуі тиіс екен.